
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.
Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.
Осы орайда, колледжіміздің педагог- ұйымдастырушысы Юсупбекова Несібелді Турмаханбетқызы мен музыка - жетекшісі Сандибаева Мөлдір Балтағалиқызының ұйымдастыруымен «Еңбек күніне» орай «Еңбек мерекесі, елдің - мерекесі» атты мерекелік шара өтілді.
Аталмыш шара аясында студенттер білім алып жүрген мамандықтарын дәріптеп, іс-шара колледж өнерпаздарының концертімен жалғасты.
https://www.facebook.com/100011834766490/posts/pfbid0vENn7KQHLUJNcq6gQZ6B1nDXp6SfzYz6xCyppMVZRMEw9MDsMfHerbybVfUEB3D9l/?d=w&mibextid=qC1gEa
#Оқуағартуминистрлігі



https://www.facebook.com/100011834766490/posts/pfbid0vENn7KQHLUJNcq6gQZ6B1nDXp6SfzYz6xCyppMVZRMEw9MDsMfHerbybVfUEB3D9l/?d=w&mibextid=qC1gEa
#Оқуағартуминистрлігі


